Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12:00-дегі мәліметтерді жариялады.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.