Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды.
«Еліміздің әр аймағындағы бюджеттік сала қызметкерлерінен «Birgemiz» қоғамдық қорына мәжбүрлі түрде ақша жиналып жатыр деген ақпарат тарады. Мұндайға жол берілмейді. Қайырымдылық тек ерікті түрде жасалуы тиіс. Бүгінде қоғамдық қорға тек бизнес-қоғамдастықтар мен кәсіпкерлерден ғана қаражат қабылданып жатыр», - деді ол.