Қорғаныс министрлігі қалада дезинфекция шараларын күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі қалада дезинфекция шараларын күшейтті

23.03.2020

Әскерилер қаланы дизинфекциялау жұмыстарына көмектесіп жатыр. Олар адам көп шоғырланатын, вирустың таралу қаупі жоғары аумақтарды химиялық заттармен залалсыздандыруда. Қарулы Күштердегі биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері қорғаныс құралдарымен толық қамтылған. Сондай-ақ, инфекцияның таралуына жол бермейтін химиялық қоспалардың адам денсаулығына еш зияны жоқ.

Карантинге жабылған қос қалада өңдеу жұмыстары сызба бойынша белгіленген секторларда жүргізілуде. Басты назарға вокзал, бала бақшалардың аулалары, ірі сауда орындары алынған. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ 


Хабарламаларға жазылу