БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем халқын соғысты тоқтатып, коронавируспен күресуге шақырды.
«Біздің еш аяушылықты білмейтін, дін мен ұлтқа бөлінбейтін ортақ жауымыз бар. Ол - COVID-19. Әлемдегі әскери қақтығыстардан қарапайым халық: соның ішінде әйелдер, балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, босқындар зардап шегіп жатыр. Олар бірінші кезекте пандемияның құрбанына айналады», - деді ол.
БҰҰ басшысының айтуынша, әлемде коронавирус өршіп тұрған сәтте соғысудың өзі абсурд.
«Сондықтан тараптарды соғыс отын тоқтатуға шақырамын. Пандемиямен күресу үшін бар күшімізді жұмылдыратын уақыт жетті», - деді А.Гутерриш.