Оңтүстік Америка, Африка, Таяу Шығыс және Азияның кей елдеріне пандемиямен күресу үшін 2 млрд доллар қажет. БҰҰ осындай мәлімдеме жасады.
Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирустың таралуын тоқтату бойынша ауқымды әлеуметтік жоспар ұсынды. Ол осал мемлекеттерге дер кезінде көмек көрсетілмесе, миллиондаған адам қаза тауып, коронавирусты тоқтату қиынға соғатынын жеткізді.
«Атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, табиғи апаттар адамдарды өз үйінен қашырып, босқындар лагерінде полиэтилен қаптамалармен қапталған шатырда өмір сүруге мәжбүрледі. Егер дертке шалдықса, ешкім оларды емдемейтіні анық. Олардың ауруханаға баратын, қажетті медициналық көмек алатын, тіпті карантинге жататын мүмкіндігі жоқ. Олар қарапайым сабын мен таза суға зәру», - деді ол.
Сондай-ақ БҰҰ башысы ауқатты елдерді миллиондаған тұрғынға көмек көрсетуге шақырды.
«Қорғансыздарға көмек көрсету қажет. Бұл - тек моральді қарыз емес, пандемиямен күресудін жолы. Індетті біржола жеңу үшін әлемдегі ең әлсіз денсаулық сақтау жүйесінің өзі оған қарсы тұра алатындай болу керек. Егер дер кезінде шара қабылданбаса, коронавирус бүкіл әлемге қауіп төндіреді», - деді ол.
news.un.org