АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті мен халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Наурыз - бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі. Биыл біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы саналатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын», - делінген құттықтауда.