Өзбекстанның ұлттық телеарнасы коронавирус жұқтырғандарды қабылдайтын 1 мың орындық аурухана салынып жатқанын мәлімдеді. Емдеу мекемесі 5 күннің ішінде пайдалануға берілмек.
Аурухана Ташкент маңында салынып жатыр. Қазір ол жерге ғимарат корпусы тұрғызылып, электр энергиясы, газ, су құбырлары жүйесі тартылуда.
Сондай-ақ Ташкент маңында осындай тағы екі аурухана ашылмақ.
Қазіргі уақытты Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 60-қа жетті.
gazeta.uz