Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырғандардың 4-інің жағдайы ауыр. Олардың өкпесі қабынған және тыныс алуы қиындаған. Науқастар қазір тиісті ем-домын алып жатыр. Ал қалған азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты. Оның сөзінше, қазір науқастармен байланыста болған азаматтарды анықтау, оларды тексеру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, өзге елдерден ұшып келгендер бірден оқшауланып жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН