Алматыда сәуір айынан бастап вирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сәуір айынан бастап вирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады

26.03.2020

Коронавирустан айыққан бір адам бүгін ауруханадан шығарылды. Ол қауіпті індетке іліккен алғашқыларының бірі. Қуанышты хабармен қоса жағымсыз жаңалық та бар. Алматыда бүгін вирус жұқтырған тағы 9 адам анықталды.

Бүгін анықталған соңғы 6 науқастың біреуі шетелден келген, қалғандары вирус жұқтырєғндармен байланысты болған. Қазір жалпы науқастардың біреуінің жаєдайы ауыр, біреуінікі орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарынікі - орташа.

Алматыда сәуір айынан бастап коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ал ақылы өтемін дегендерге экспресс-тестің құны - 4-5 мың теңге аралығында. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына 50 мың данадан бөліп беру үшін 100 мың тестке тапсырыс берілген. «Олимп» және «Инвиво» зертханаларында сайт арқылы тіркеліп, эпидемиолог дәрігерден шақырту алған соң барып тапсыра аласыз.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу