Қазақстандық кәсіпкерлердің құқығы лайықты қорғалуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық кәсіпкерлердің құқығы лайықты қорғалуы керек

03.01.2018

Қазақстандық тауар өндірушілерге жасалатын қысыммен күресті күшейтуіміз қажет. «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай деді. Партия өкілдері кәсіпкерлермен кездесуі барысында бірқатар проблемаларды талқылап, оны шешу үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек екендігін ортаға салды. Мәселен, өзімізде шығарылатын кей өнімдер ысырылып тасталып, оның орнына шетелдік аналогтар пайдаланылатын деректер көп. Қазақстандық бұйымдардың сапасы да, бағасы да импортталатын тауарлардан кем емес. Бұл біздің кәсіпкерлерге үлкен шығын. «Осындай түрлі мәселелерді зерттеп, мемлекеттік деңгейде көтереміз», деді төменгі палата өкілі. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егер Үкімет, мемлекеттік органдар отандық өндірушілерді қолдамаса, оларды ешкім қолдамайды. Шетелдіктерге Қазақстанның өндірушілері аса қажет емес. Бұл жерде ұлттық отандық экономикалық мүддемізді қорғауды да, сақтауды да білуіміз керек. 

Хабарламаларға жазылу