Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркелді.
27 наурыз, сағат 10:20-дағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында анықталды. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам, жалпы 121 науқас тіркелді.