Оның жеке мәліметтері жария болған. Мессенджерлерде науқастың аты-жөні мен тұрғылықты мекен-жайы да тарап кеткен. Қазір жеке тұлғаның мәліметтеріне қол сұғу дерегі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 27 жастағы науқастың наурыздың 24-і қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер сынаманы республикалық референс-зертханаға жіберген.