Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасымен Алматы қаласының айналасында 16, Талдықорғанға кіреберісте 4 санитарлық бекет қойылды. Облыстың басқа аудан, қалаларында да бақылау күшейтілді. Қатерлі індеттің таралу қаупіне байланысты Алматы облысының медициналық мекемелері жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді. Облыс бойынша коронавирустық инфекция диагнозы бар науқастарды емдеу үшін 150 жұқпалы ауруларға арналған төсек, 800 провизорлық және 1217 карантиндік обсервация төсек-орын дайындалды. Індеттің алдын алу шараларына ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсете бастады. Ал6 600 ге жуық отбасына 8 млн теңгенің көмегі көрсетілді. Облыста жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1240 жоба бойынша 27 мың жұмыс орны құрылады.