Тағам өндіретін кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тағам өндіретін кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде

27.03.2020

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі халықты ең алдымен азық-түлік мәселесі алаңдатты. Билік өкілдері тапшылық болмайды деп сендіріп отыр. Өйткені тағам өндіретін кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Олардың өз өнімдерін ішкі нарыққа саудалауға да еш кедергі жоқ.

Көкшетаудағы сусын шығаратын кәсіпорынның жұмысы төтенше жағдайға байланысты шектелген жоқ. Олар қазір өз өнімдерін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы медицина мекемелеріне тегін жеткізуді қолға алды.

Теріскейлік кәсіпорындар да карантин мерзімінде өндірісті тоқтатпай, үздіксіз жұмыс істеп тұр. Ал Қарағанды облысындағы ұн комбинаты тәулік сайын Нұр- Сұлтан қаласына 40 тонна, ал Алматы шаһарына 70 тонна ұн жөнелтіп жатыр.

Қостанайдағы ұн комбинаты жылына 30 мың тонна макарон өндіріп, тәулігіне 300 тонна астық өңдейді. 230 адам еңбек етеді. Бүгінде кәсіпорынның 12 мың тонна шикізат қоры бар. Бұл 2 ай тоқтаусыз жұмыс істеуге жетеді. Жалпы елімізде жылына 12 миллион тонна ұн өндіретін 260 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Дәурен ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу