Елордада 500 мың маска тегін таратылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 500 мың маска тегін таратылуда

29.03.2020

Бүгін Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Twitter- дегі парағында былай деп жазды: «Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады».

Бірден айта кететіні, Президент Қ.Тоқаев бөлген 500 мың маска Нұр-Сұлтанда тегін таратыла бастады. Еріктілердің «Біргеміз!» республикалық фронт-офисіне топтасқан 150-ден астам азамат бір реттік маскаларды әлеуметтік нысандарға, ауруханалар мен әлеуметтік жағдайы нашар кісілерге үлестіруді бастады.

Негізі маска, антисептиктер жетіспеушілігі байқалады.


Хабарламаларға жазылу