Алматыда коронавирус жұқтырған 73 адамның 7-еуі жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтырған 73 адамның 7-еуі жазылып шықты

30.03.2020

Алматыда карантин режиміне байланысты кешкі 7-ден кейін көшеге шығып, «Сергек» камераларына түскен көлік жүргізушілері мен тұрғындарға айыппұл салынып жатыр.  

Ал Полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін айтты. «Сергек» камералары бұрын қалай жұмыс істеді, қазір де солай жұмыс істей береді. Жүргізуші немесе тұрғындардың заң бұзғанын дәлелдеу үшін камераға түскен видеолар пайдаланылады.

Алматыда коронавирус жұқтырған 73 адамның 7-еуі індеттен айығып, ауруханадан шығарылды. Бүгін брифинг барысында мамандар қаладағы науқастардың 97 проценті шетелден келгенін және олардың көбі 30 бен 39 жас аралығындағылар екенін айтты. Жалпы қазір мегаполисте 66 адам ем алып жатыр. Ал соңғы анықталған 6 науқастың 4-уі инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Ауру анықталғандардың қатарында 11 жастағы бала бар. Оның әкесінен де вирус табылған. Олар қазір балаларға арналған инфекциялық ауруханада ем алып жатыр.

Иә, қазір қаладағы медициналық мекемелерде тек облыстан келіп жұмыс істейтіндердің саны 12 мыңнан асады. Сондықтан, дәрігерлер, әсіресе инфекциялық, провизорлық ауруханаларда қызмет ететіндер түгел жатын орынмен, тамақпен қамтамасыз етілген.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу