Үш қалада ауа сапасы нашарлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

31.03.2020
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 31 наурыз күні еліміздің көптеген қалаларында жағымды метеорологиялық ахуал болжанады. 

Сейсенбі күні ауа сапасының нашарлауы Нұр-Сұлтан, Петропавл және Өскеменде күтіледі. Қалған шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Хабарламаларға жазылу