Алматыда екі науқас Соvid-19 вирусын кімнен жұқтырып алғанын білмей отыр. Бұл туралы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Мегаполисте бүгін тағы 9 адамнан індет анықталды. Сонымен вирусты жұқтырғандар саны 82 ге жетті. Басым бөлігі - қалаға сырттан келгендер және солармен байланыста болғандар.
Коронавирус жұқтырған 2 жасар сәбиді дәрігерлер қанағаттанарлық жағдайда деп отыр. Соңғы талдауы теріс нәтиже көрсетсе, онда көп кешікпей ауруханадан шығады.
Басқарма басшысының мәліметінше, 1 науқастың жағдайы ауыр, 9 адамның халі орташа, ал 66 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ індетті кімнен жұқтырғанын білмей отырған 2 науқас өзге мемлекеттерге шықпаған және шетелде болғандармен араласпаған. Дегенмен, бұл азаматтармен байланыста болғандар түгел оқшауланды.
Алматыдағы карантинге қарамастан, бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өту деректері тыйылар емес. Алатау ауданында Өзбекстанның 3 азаматы ұсталды.
Алматыда кейбір тұрғын үйден карантин алынғанымен, коронавирус инфекциясын жұқтыру ошағы азаймай тұр. Бүгін олардың саны 27-ге жетті.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ