Жаханды жайлаған індет мұнай бағасына да әсер етіп отыр. АҚШ-Ресей тараптары энергетикалық нарықты тұрақтандыруды талқыға салған тұста қара алтын құны 25 долларға дейін көтерілді. Сарапшылар бағаның өсуіне АҚШ-тың қор нарығы әсер етті, дейді. Кешегі сауда-саттықтың нәтижесінде үш негізгі америкалық индекс 3%-дан асқан. Бұған дейін Дональд Трамп «мұнай соғысы» жалғаса берсе, Ресейге қарсы санкция салатынын айтқан. Ал әлемдегі жағдай Қазақстан экономикасы мен мұнай сервистік компаниялардың жағдайына қалай әсер етпек? Келесі сюжетте.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасын тұрақтандыруға АҚШ-тың ғана қауқары жетеді. Сондықтан Америка мұнай өндіретін елдерді бір мәмілеге алып келмесе, болмайды. Әрі бұған дейін Дональд Трамп «мұнай соғысы» жалғаса берсе, Ресейге қарсы санкция салатынын айтқан еді.
Ақерке БЕКТАС