Бір қуантарлығы, Алматыда коронавирустан 3 науқас емделіп шықты. Олар — инфекциялық ауруханада ем қабылдаған 2 жасар бала мен екі пациент. Біреуі кеше кешке ауруханадан шығарылған. Ал, Көкшетауда қауіпті індетті жұқтырған алғашқы адам анықталды. Түркістан облысында бір тәуліктің ішінде 5 адамның осы кеселмен ауыратыны белгілі болды.
Нұр-Сұлтан қаласына іссапармен барып келген келіншекпен байланыста болған тағы үш адам ауруханаға түсті. Ал екінші жағдайда індет Алматы қаласынан келген жетісайлық азаматтың бойынан табылып отыр.
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір облыс бойынша 92 адам стационарлық карантинде жатса, 42 азамат үйінде оқшауланған.
Қазір Алматыда коронавирус инфекциясыныѕ ошағы азайды. Кеше індет ошағы 27 болса, бүгін тағы қысқарып, 24-ке жетті. Ал 12 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ