Жұмыспен қамту жол картасына 1,3 триллион теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыспен қамту жол картасына 1,3 триллион теңге бөлінеді

01.04.2020

300 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы 10 пайызға өседі. Бұл қазіргідей қиын уақыттан халықтың қысылмай шығуы үшін жасалып отырған шара. Мемлекет басшысы сол санаттағы тізімді қайта қарап, бірін қалдырмай қолдау білдіруді тапсырды.    

Жаңадан 240 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Осы мақсатта 7 мың жоба жүзеге асырылады. Мемлекет еңбекке тарту мәселесін шешу үшін 1,3 триллион теңге бөліп отыр. Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты біраз адам нәпақасынан айырылды. Олардың көпшілігі қала асып жұмыс істеген. Енді жол картасына сай өз өңірлеріне қайтып барып қызметке тартылғандарға жалақысынан бөлек бір реттік үстемақы төленеді.

Әлеуметтік көмек түрлері мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша әкімдерге нақты тапсырмалар жүктелген. Енді жүйелі орындалуы бақыланады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу