Иә, Мемлекет басшысының кешегі мазмұнды мәлімдемесі халық қалаулыларының арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе, қазіргідей қиын жағдайда тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек түрлері ешкімді бей жай қалдырмады. Әсіресе, бірнеше мыңдаған тұрғынға тегін азық-түлік таратылып, азаматтардың үкімет тарапынан қолдауға ие болатыны көпті қуантты. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, мұның барлығы, халықтың әйтеуір бос отырмауына, осы дертті жеңіп шығуға бағытталған игі шара екенін атап айтты.
Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованың пікірнше, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, жұмыссыз қалған адамдарға әлеуметтік қолдау болғанын, әсіресе, медицина саласының қызметкерлерінің ақыларының 3 айға көбейтілуі, оларға үлкен стимул болатынын айтты.
Назым ҚАЙРАТ