Моңғолиялық студенттер еліне қайта алмай қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолиялық студенттер еліне қайта алмай қалған

02.04.2020

Семейде Моңғолиядан келген 20 студент өз елдеріне қайта алмай қалған.

Олар қаладағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде оқиды. Пандемияға байланысты Ресей жағы шекарадан өтуге шектеулер қойған. Соның салдарынан студенттер уақытында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жете алмаған. Алайда қазір оқу орны оларға барлық жағдайды қарастырып, жатақханаға орналастырды. Студенттер қашықтықтан оқып жатыр. Тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Індетке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталған. Әзірге елдеріне қашан оралатындықтары белгісіз. Оқу орыны басшылығы балаларға да, олардың ата-аналарына да алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтып отыр. Қазір шетелдік студенттерді шекарадан өткізу үшін келісім жүргізіп жатыр.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу