Республикалық бюджет қайта нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық бюджет қайта нақтыланды

03.04.2018

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында республикалық бюджеттің қайта нақтыланған жобасы бекіді. Оған ең бастысы Президенттің Жолдауында көрсетілген тапсырмалар мен 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру себеп болуда. Оның үстіне, републикалық бюджет түсімі де 181,4 млрд. теңгеге өскен. Нәтижесінде, бюджет шығыстары 417 млрд. теңгеге өсіп, 9 трлн. 643 млрд. теңгеге жетті. Қосымша бөлініп отырған қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша аймақтарды дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалады. Ал, келесі бағыт - адам капиталын жақсартуға 106 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді.  

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Адами капитал сапасын жақсартуға 106,3 млрд. теңге бағытталатын болады. Оның ішінде, мұғалімдердің жалақысын 30-дан 50%-ға көтеруге - 61,8 млрд. теңге. Назарбаев Университетін одан әрі дамытуға - 31,7 млрд. теңге. Мүгедектердің күтімін жүзеге асыратын адамдарға жаңа жәрдемақы – 2,7 млрд. теңге бағытталады.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу