Карантиндегілерді қашықтан қадағалауға арналған «Smart Astana» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантинде отырған азаматтар жергілікті әкімдіктің жіті назарында болады. Бақылау тікелей мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Сәйкесінше, әр адам өзінің ұялы телефонына қосымшаны орнатып, Wi-Fi, Bluetooth және геолокация тетігін қосып қоюы шарт. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметінше, елорда бойынша қосымшаны 210 мыңға жуық азамат жүктеген. Мұндай тәжірибе әлемнің оннан аса елінде қолданысқа ие.