Жедел жәрдемнің бір күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдемнің бір күні

02.04.2020

Жұқпалы вирус тарағалы жедел жәрдем қызметі тіптен қарбаласып кетті. Қазір орталыққа шағымданушылардың саны 2 есе өскен. Өйткені, халықта қатерлі індетті жұқтырып алдым ба деген қауіп басым. Ал қас пен көздің арасында құстай ұшып жететін 103-тің мамандары қатерге қарамастан күн-түн демей еңбек етіп жүр.

Елордада 4 жедел жәрдем станциясы бар. 80 бригада кезектесіп жұмыс істейді.

Жедел жәрдем 4 категория бойынша қызмет көрсетеді. Қазір коронавирус алғашқы шұғыл санатта. Сондықтан мамандар діттеген жерге 10-15 минутта тез жетуі тиіс.

Науқастың симптомдары коронавируске ұқсас болғандықтан мамандар оны арнайы инфекциялық орталыққа алып кетті. Онда тест жасалады. Сараптама тағайындалады. Ал жедел жәрдемнің жұмысы мұнымен тоқтамақ емес. Тағы да шақыру. Тағы да күдік. Тағы да қауіп.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу