Сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты алдағы екі жылда қазақстандықтар тиыннан таршылық көрмейді. Бүгін Қаржы және экономика министрлігі «2018-2020 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Айтуларынша, екі жылда келесі басымдықтар іске асады.
Алдымен, ұстаздардың жалақысы 30-дан 50 пайыз мөлшерінде өседі. Бала күтіміне қатысты жәрдемақының жаңа түрі қосылады. 100-ден астам ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіліп, жолдардың жағдайы түзеледі. Агроөнеркәсіп саласына да ерекше екпін берілмек. Жол, су, газ мәселесін қаузаған депутаттар сауалы қайта қаралып, өз шешімін таппақ. Жуырда, Президент ұсынған 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін 25 млрд. теңге қарастырылған.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ