Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады
«Сізге төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем 16.03.2020 бастап 15.04.2020 қоса алғанда 42 500 теңге сомасында тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 60 мың адамға жеңілдіктерді автоматты есептеу туралы SMS-хабарлама жіберілгенін айтқан болатын. Сондай-ақ, 280 мың азаматқа әлеуметтік көмек жіберілетін жауап SMS-те есептік жазбаның нөмірін жіберуді сұрайтын хабарлама түседі.