Елбасы әкімдермен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы әкімдермен сөйлесті

03.04.2020

Өңірлердің төтенше жағдай кезіндегі ахуалы, азаматтардың қауіпсіздігі мен азық-түлікпен қамтамасыз ету. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерімен телефон арқылы осы мәселелер жөнінде сөйлесті. Бірінші кезекте өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, індеттің таралмауына қатысты шаралар талқыланды. «Nur Otan» партиясы филиалдары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да сөз болды. Әкімдер төтенше жағдай кезінде адамдар мен бизнесті демеу шараларын одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін айтты. Сондай-ақ оңтүстік өңірлердегі көктемгі егіс науқаны мен солтүстік аймақтардың оған дайындығы, жекелеген облыстарда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою мәселелері де сөз болды.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу