Петропавлда вирус жұқтырғандар саны 18-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда вирус жұқтырғандар саны 18-ге жетті

03.04.2020

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус дертін жұқтырған 18 адам анықталды. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Петропавл қаласында және Тайынша қаласы мен Келлеровка ауылында да карантин жарияланды.  

Петропавл қаласы карантинге жабылды. Соңғы мәліметтер бойынша, облыста коронавирус жұқтырғандардың екеуі бала, біреуі 5, екіншісі 7 жаста. 5 жасар бала осыған дейін провизорлық стационарда карантинде бақылауда болған, шығар алдындағы тексерісте аурудың белгілері байқалып, диагноз қойылды.

Сонымен қатар, қазір өңірде 3 медицина қызметкерінің де дертке шалдыққаны анықталып, дәрігерлердің бақылауында. Бұдан басқа қалалық жұмыспен қамту орталығының 3 адамның дертке шалдығыуына байланысты, мемлекеттік мекеменің 50-ден астам жұмысшысы толықтай карантинге жатқызылды. Қазір өңірде сақтық шаралары барынша күшейтіліп, карантин режиміне сай жұмыс істеуде.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу