Елдік істе еңсе тіктеп, бас біріктіретін кез жетті. Мемлекет басшысы әскери міндеттілерді қысқа мерзімдік қызметке жинау туралы Жарлық шығарды. Әлемді әбігерге салған вирустан арылу – басты талап. Ал ол азаматтардың сақтана отырып, сапалы қолдау көрсетуіне тікелей байланысты.
Биылғы әскерге шақырудың жөні бөлек. Жаппай жинап жатыр. Бұған дейін өңірлерде қажетіне қарай өткізілетін. Негізгі себеп – індетпен күрес. Сосын су тасқынының да қаупі бар. Қысқа қайырсақ, қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырмас үшін – адами ресурс әзір болуы керек.
Сын сағат бір жағынан шыңдайды. Енді бәріне төнген қауіптен жұдырықтай жұмылып құтылудың жолы ашылды. Қолдау таныту – әр адамның өз қалауында.
Нысаналы ЫҒЫЛ