Енді науқастарды карантинге дайындау əскери медицинаның да міндетіне кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді науқастарды карантинге дайындау əскери медицинаның да міндетіне кірді

06.04.2020

Енді науқастарды қабылдау, емдеу жəне карантинге дайындау əскери медицинаның да міндетіне кірді. Сондай-ақ Бас госпитальдегі анестизеология, жан сақтау мен қарқынды терапия бөлімшелері қажеттілікке қарай босатылып берілді. Клиника тыныс алу мен өкпенің қабынуын емдеуге арналған заманауи жабдықтармен қамтылған. Мамандар күн сайын індетпен күресудің алгоритмдік əрекетін меңгеріп отыр. Коронавирус əскери ұшқыштарды да күшейтілген қызмет режиміне көшірді. Төтенше жағдай кезінде əскери көліктік жəне əскери авиацияның ұшу құрамы жасақталған. Олар тəулік бойы қызметте. Денсаулық сақтауға белсене қатысады. Мысалы Қырғызстан, Тəжікстан, Сауд Арабиясы мен Кувейттен отандастарымыздың оралуына, шет елдерде емделіп жатқан балалардың оқшаулануына күш салды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу