Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында банктер жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында банктер жұмыс істей бастады

06.04.2020

Осы әлеуметтік төлемдерді алушыларға қол ұшын созу үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы банктер қайта жұмыс істей бастады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бұйрығына сәйкес 5-12 сәуір аралығында бірқатар бөлімшелер таңғы сағат 9:00 бен түскі 14:00 аралығында жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Кешеден бастап тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек, төтенше жағдай кезінде кірістен айырылғандарға берілетін жәрдемақыны алу үшін қаржы ұйымдарына ағыла бастады. Ал қаржы мекемелері денсаулыққа қауіп-қатер туғызбау үшін онлайн қосымшаларды белсенді пайдалануға шақырып жатыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу