Xerox компаниясы бір реттік өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Xerox компаниясы бір реттік өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады

07.04.2020
Xerox компаниясы бір реттік өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады

Америкалық Xerox компаниясы өкпені жасанды желдету аппаратын уақытша алмастыратын бір реттік құрылғыларды жасап шығармақ.

Бұл үшін медициналық жабдықтарды өндіретін Vortran Medical компаниясымен келісімге келген. Осылайша компания жедел жәрдем көлігінде қолдануға болатын арзан аппараттар санын арттырмақ. Құрылғы Go2Vent деп аталады.

Маусымға дейін ай сайын мұндай медициналық құрылғының 200 мыңға жуық данасы шығарылады деп жоспарлануда. 

Аппарат электр тоғын қажет етпейді. Ол жедел қосылып, 30 күн адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Бағасы 120 доллар шамасында болмақ.

Бұл құрылғылар ауруханадағы толыққанды желдету аппараттарын алмастыра алмайды. «Дегенмен мұндай жабдықпен қамтылмаған ауруханаларға айтарлықтай көмектеседі», деп отыр компания өкілдері. 

polit.ru


Хабарламаларға жазылу