42 500 теңгелік жәрдемақы алу үшін есепшот ашуға асығудың қажеті жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеп отыр. Мамандар жәрдемақы алудың шарттарынан «есепшотты көрсетіңіз» деген пункті алып тастамақ. Сәйкесінше, тек өтініш жазсаңыз жеткілікті. Банк карточкасын асықпай дайындауға бір ай уақыт беріледі. Бастысы, министрлік тарапынан «Сізге жердемақы беріледі» деген шешім қабылданса болғаны, ақшаңыз ешқайда кетпейді, карта дайын болған кезде міндетті түрде қаржат аударылады. Ал қартаңызды дайындау үшін де далаға шығудың қажеті жоқ. Еңбек министрлігі банктермен оны да онлайн жасау жөнінде келісіп жатыр. Қала берсе, Банк, Қазпошта қызметкерлері де дайын болған карточкаларды үйіңізге жеткізіп береді. Айта кетейік, бүгінге дейін е.gov.kz және enbek.kz сайттары арқылы 2 миллион адам 42 500 теңге алуға өтініш бірдірген. Соның 80 мыңы жәрдемақыны алып үлгеріпті.
Нұрбек БЕКБАУ