Әлем бойынша жұмыс күшінің 81 пайызы карантинде отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем бойынша жұмыс күшінің 81 пайызы карантинде отыр

08.04.2020
Әлем бойынша жұмыс күшінің 81 пайызы карантинде отыр

COVID-19 пандемиясы әлем экономикасы мен жұмыс күшіне жойқын соққы беруде. Дүниежүзілік еңбек ұйымының болжамы бойынша коронавирустың әсері 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да қатты болуы мүмкін. 

«2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы дағдарысының салдарынан біз 22 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалттық. Болжам бойынша алдағы үш айдың өзінде әлемде 195 миллион адам жұмысынан айырылуы мүмкін», - дейді Дүниежүзілік еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер. 

Дәл қазіргі сәтте әлем елдерінде енгізілген төтенше жағдай мен карантин салдарынан 2 миллиард 700 миллионға жуық адам жұмысқа шықпай отыр. Бұл барлық жұмыс күшінің 81 пайызын құрайды.


Дереккөз: euronews

Хабарламаларға жазылу