«Теңіз» компаниясында істейтін жұмысшыдан вирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теңіз» компаниясында істейтін жұмысшыдан вирус анықталды

08.04.2020

Коронавирус инфекциясы 30 мыңға жуық жұмысшысы бар «Теңіз» кен орнына да жетті. Қауіпті індетке шалдыққан 50 жастағы әйел. Ол компанияға қарасты мердігер мекеменің бірінде еңбек еткен. Науқастың бұған дейін «Ватернас» вахталық қалашығында тұрып келгені белгілі болды. Тіркелген жағдайға байланысты кәсіпорында сақтық шаралары күшейтілді. Зауыт аумағындағы барлық нысандар дезинфекцияланып жатыр. Төрт санитарлық пост орнатылды. 280 адамға арналған оқшаулау орны дайын тұр. Компания басшылығы, өндірістік жұмыстардың тоқтамайтынын айтады. Ал өңірде, соңғы мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны 36-ға жетті.

Жандос ТЕМІРІАЛИ


Хабарламаларға жазылу