Алматыда вирус ошақтары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вирус ошақтары көбейді

08.04.2020

Ал Алматыда «Е-Polisia kz» мобильді қосымшасы әзірленді. Карантин кезінде жұмыс істейтін жүйеден ЖСН және көлігіңіздің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексере аласыз.

Алайда жүйе іске қосылған алғашқы сағатта 1 мыңнан аса адам жүктеген. Сондықтан техникалық ақаулықтар болғаны рас. Қазір жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Қосымша полицияға арыз, өтініш, беруге, коронавирус бойынша маңызды ақпаратпен танысуға болады.

Ал науқастарға келсек, Алматыда COVID-19-дан сауығып шыққан тағы екі пациент 14 күндік үй карантиніне шығарылды. Коронавирустық инфекциядан 23 адам жазылды. Мегаполис аумағында коронавирус инфекциясының 38 ошағы тіркелген. Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 16 тұрғын үйден шектеу шаралары алынып тасталды.

Басқарма басшысы мегополисте үш жол айырығының салынып жатқанын хабарлады. Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысындағы құрылыс қарқынды жүруде. Сондай-ақ Алатау ауданында жаңа жолдың құрылысы басталды. Бұл жұмыстарға 8 бригада тартылған. Жұмысшылар маскамен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу