Карантин капитаны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин капитаны ұсталды

08.04.2020

Енді елордалықтардың «карантин капитанын» көруі екіталай. Өзін бүгінгі күннің қаһарманы деп таныстырған азамат полиция қолына тағы түсетін болса, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Не болмаса 15 тәулікке қамалады. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінен хабарлады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзған тұлғаны бірден тауып, жеке басын анықтады. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Алайда құқық қорғаушылар есімін жария етпеді. Тек профилактикалық әңгімеден соң оған қатаң ескерту жасаған. Еске салайық, бірнеше күн бұрын Елордада эпидемияға қарсы ақ костюм мен көк түсті шекпен киген ер адамның видеосы тараған. Ол адамдарды өздерінің сақтығы үшін үйлерінде отыруға шақырып, қажет болса қоқыстарын шығарып, антисептигімен бөлісетінін айтып ұрандатқан болатын.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу