ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің мұнай өндіру көлемін азайту бойынша отырысы қарсаңында «қара алтын» бағамы өсуде.
Дәл қазіргі сәтте Brent маркалы мұнай өнімінің құны 0,7 пайызға өсіп, бір баррель 33,07 АҚШ долларына тең болды. Ал WTI маркалы мұнай өнімдері 2,95 пайызға көтеріліп, бір баррель құны 25,83 долларды құрады.