Басты тақырып - «Ғаламдық қауіп-қатерлер және ХХІ ғасырдағы Қазақстан». Яғни, жаңа дәуірдегі барлық жетістіктер, озық тәжірибелер және жоғары технологияның мүмкіндіктері туралы ақпараттар дәл осы жиында айтылады. Ғаламдық даму үдерісінен қалмай дер кезінде тиісті шешімдер қабылдап отыру үшін осындай келелі кеңестердің берері мол. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған жиында сарапшы мамандар осындай тұжырым білдірді. Оның үстіне биылғы өтетін Астана экономикалық форумына шетелдік қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Тіпті, олардың арасында Еуропаның дамыған мемлекеттерін басқарған экс-президенттер де бар.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.