Ал Қызылорда облысында биыл су тапшылығы болады деп күтілуде. Мамандар сағасы тарылған Сырдарияның деңгейі түсіп кетті деп дабыл қағуда. Көктемгі мезгілде секундына 500 текше метр су өтетін дариядан қазір 150 кубқа жетер-жетпес мөлшерде ағып жатыр.
Оған өзеннің бастауы тау шатқалында қар мен жаңбыр мөлшерінің аз түсуі себеп. Жылда ернеуіне жетіп толатын Шардара мен Көксарай су қоймалары да қажетті мөлшерде су жинай алмады. Сондықтан Сырдарияның төменгі сағасында орналасқан Сыр өңірі бұл жағдайға айрықша алаңдаулы. Мамандар алдағы егін маусымында су тапшылығы болатынын күріш шаруашылықтарына ескертіп, егіс алқаптарын азайтуға кеңес беруде.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ