Төтенше жағдай кезінде байланыс операторлары тарифтерін негізсіз қымбаттатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай кезінде байланыс операторлары тарифтерін негізсіз қымбаттатқан

09.04.2020

Үйге қамалып, онлайн жүйеге ойысқан қазақстандықтардың интернетке көңілі толмай отыр. Абоненттердің бірі қысылтаяң кезде жаңа тарифтердің бағасы қымбаттап кетті деп шағымданса, енді біреулері интернеттің жылдамдығына назалы.

Халықтың сөзінше, дәл қазір жұрттың көбі онлайн жұмыс істеуге көшкен. Дәл осы кезде жаңа шарттар енгізіп, гигабайттарды санаулы сағатта жұта салу салғырттық емес, барып тұрған ашкөздік.

Халық баға байланыстың сапасына сай еместігін айтады. Тіпті үйдегі ғаламтордың да жылдамдығы баяулап қалған. Қазақтелеком бұны интернет пайдаланушылардың көбеюімен байланыстырып отыр.

Ал тұтынушылардың құқығын қорғаушылар сапасыз қызмет көрсетілсе төленген ақы қайтарылу керек деп есептейді.

Мобильді интернеттің жылдамдығы жағынан біздің ел әлемде 100-ші орында болатын. Қазақтелеком қазір одан да кері кеткенімізді мойындап отыр.

Ш.Жамбылұлы, А.Бектас


Хабарламаларға жазылу