Карантин режимі тұрмыстық қалдықтарды жинаумен айналысатын компаниялар үшін де қиынға соғып тұр. Өйткені төтенше жағдайға байланысты коммуналдық төлем қиындап, кейбір қалаларда тіпті кейінге шегерілген. Қоқыстарды басқару қауымдастығы жағдай осылай жалғаса берсе елде қоқыс дағдарысы болуы кәдік деп дабыл қағуда.
Карантин енгізілгелі қалдықтарды жинайтын компания қызметі қауырт. Өйткені, тұрғындар тәулік бойы үйде отырғандықтан, қоқыс көлемі едәуір артқан. Елордада қала аумағы 19 учаскеге бөлініп, 18 мыңға жуық контейнер қойылды. Жұмысқа жүзге жуық арнайы машина жұмылдырылған.
Елімізде тұрмыстық қалдықтарды жинау және көмумен 400-ге жуық компания шұғылданады. Олардың барлығының басындағы жағдай осы. Мәселе тез шешімін таппаса қалалар қоқысқа толғалы тұр.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ