Жамбыл облысында 300 тонна ұнды Қырғызстанға заңсыз өткізбек болған 8 жүк көлігі ұсталды. Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, күдікті әлгі тауарын құжатта «цемент» деп көрсеткен. Аталмыш факті бойынша, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің «заңсыз кәсіпкерлік» атты 214-ші бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Нұрбек БЕКБАУ