Фразцуз ғалымдары бірнеше сағат ішінде пластикті ерітетін бактериалды фермент жасап шығарды.
Алғаш фермент 2012 жылы шіріген жапырақтардан табылған, ғалымдар соның негізінде жаңа затты жасаған.
Олар ашқан жаңалық пластик бөтелкелерді өңдеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Өйткені фермент бөтелкелерді одан жаңасын жасауға мүмкіндік беретін материалдарға бөле алады. Мәселен, қазір пайдаланылған ПЭТ-бөтелкелерден жаңа бөтелке жасалмайды, сапасыз шығады. Олар тек киім және кілем өндірісінде қолданылып жүр.
Мамандар ферменттің өндірістік әлеуетін әлі де зерттеуде. Сынақ мерзімі 2021 жылы аяқталады деп болжанып отыр.
bbc.com