Иті бар адамдардың COVID-19 вирусына иммунитеті жоғары болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иті бар адамдардың COVID-19 вирусына иммунитеті жоғары болуы мүмкін

10.04.2020
Иті бар адамдардың COVID-19 вирусына иммунитеті жоғары болуы мүмкін

Италиялық «Magna Græcia» университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижиелері бойынша ит немесе ірі қара мал ұстайтын адамдарда коронавирус індеті сирек кездесетіні анықталған. Университет ғалымдарының мәлімдеуінше, иттерде кездесетін коронавирус түрлеріндегі аққуыз бен SARS-CoV-2 вирусы аққуызының генетикалық ұқсастығы бар. Ғалымдар ірі қара малдың да осындай қорғаныс құралы бар екенін болжап отыр. Дегенмен, ол әлі де кеңейтілген зерттеулерді талап етеді.

Калабрия университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижиелері де осыған ұқсас. Олардың айтуынша, иттер мен ірі қарада табиғи түрде болатын коронавирустардың патогені COVID-19 вирусының патогеніне ұқсас. Сондықтан итпен байланыста болған адамдардың иммунитеті COVID-19 патогенін жылдам анықтап, сақтану механизмін іске қосатын көрінеді. 


Дереккөз: fanpage.it


Хабарламаларға жазылу