Ел ғалымдары вирусқа қарсы екпе әзірлеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел ғалымдары вирусқа қарсы екпе әзірлеп жатыр

10.04.2020

Қазақ ғалымдары күні-түн демей коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеумен айналысып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институтының мамандары сынамалардан кейін вакцинаның ең тиімді әрі қауіпсіз нұсқасын сұрыптап алады. Қазақ ғалымдары зерттеу жұмыстарын Covid-19 вирусының шынайы микроағзасына жүргізіп жатыр. Стратегиялық нысанға кіріп, жұмысты бақылауға рұқсат жоқ. Ал мына видеоны ғалымдар арнамыз үшін арнайы түсіріп жіберіп, жұмыс барысын әңгімелеп берді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Денсаулық сақтай ұйымының мәліметінше, әлем бойынша қазір вакцинаның 54 түрі әзірленіп жатыр. Олардың екеуі клиникалық сынамаға дайын. Қазақ ғалымдары да өз зерттеулерінің оң нәтижесін көруге ниетті. Өйткені бұл институтта қолданылатын технологиялар мен әдістемелер шетелдіктерден еш кем емес. Әрі осы күнге дейін біздің ғалымдар 60-қа жуық препарат жасап шығарған. Олардың арасында 2008-2011 жылдары шыққан H5N1 мен H1N1 тұмауларына қарсы егілетін екпе де бар.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу