Бүгін Қазақстанда коронавирусты жылдам анықтайтын тестілеу басталды. Мұндай тестің 96 мыңы елге жеткізілгенін бұған дейін айтқан едік. Сынама тұрғындарға жаппай жүргізілмейді. Арнайы санаттар бойынша жасалған тізім бар. Медициналық қызметкерлер солардың алғашқысы.
Дәл қазір кез-келген медциналық мекемеге жұмыс істеуге келсеңіз дәл осылай киіндіріп қояды. Қолғап, халат, маска, бас киім. Қолды залалсыздандырамыз. Бүгін емханаларда коронавирусты анықтайтын тестті жасау басталды. Әуелі дәрігерлер өтеді бұл тесттен.
Алматыда коронавирусқа қарсы жедел тестті 15 мыңнан астам адам тапсырған. Бірінші кезекте Ұлттық гвардия, құқық қорғау органдары мен блок бекеттерде жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тексерілді.
Тест өкпе дерті бойынша есепте тұрған науқастарға да жасалады. Елордадағы нөмірі 13 емханада осындай диагнозбен тіркелген 800-дей адам бар. Мамандар ертеңнен бастап олардан сынама алуды бастайды.
Сәуле АЛДАМҰРАТ