Ұлттық қордағы валюта актвитері 2,5 миллиард долларға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордағы валюта актвитері 2,5 миллиард долларға азайды

10.04.2020

Індетпен бірге ілесе келген дағдарыстан Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2,5 миллиард долларға азайып кетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Оның сөзінше, оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, қор биржаларындағы құлдырауға байланысты Ұлттық қордың активтерін қайта бағалау кезінде құнды қағаздар бағасы 1,9 миллиард долларға төмендеген. Осылайша, наурызда акция индекстері шамамен 13 пайызға төмендеді. Ал тұтастай алғанда бірінші тоқсанда акциялар нарығы шамамен 25 пайызға құлады. Екіншіден, наурыз айында Ұлттық қордан бюджетке 341 миллиард теңге аударылған. Ол үшін Ұлттық банк 870 миллион долларлық шетел валютасындағы активтерін сатқан.   

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу